Маңғыстауда қанша жұмыс күші бар?
21 Қараша 2021, 11:45 84

Маңғыстауда қанша жұмыс күші бар?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша халықты іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша 2021 жылғы ІІІ тоқсанда Маңғыстау облысындағы 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны 352,5 мың адам.

Халық санындағы жұмыс күшінің үлесі - 76,8%-ды құрады (2020 жылғы ІІІ тоқсанда - 71,3%).

Облыс экономикасында 335,3 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы жұмыспен қамтылған халық ішінде жалдамалы жұмыскерлерге 95%, 5% - жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлерге тиесілі. Жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 84,7%-ды құрады, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар - 15,3%, - делінген хабарламада.

Жұмыссыз халық саны бағалау бойынша 17,3 мың адамды құрады, жұмыссыздардың жалпы санында 75,7% әйелдерге келеді. Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады.

15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,4% құрады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...