Бас жаңалықтар
Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды
20 Сәуiр 2021, 20:19 305

Маңғыстауда ер адамның көлігінен қызыл кітапқа енген 150 келі балық табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда қызыл кітапқа енген 150 келі балық тәркіленді, деп хабарлады Polisia.kz.

Маңғыстау облысында «Бекіре-2021» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қызыл кітапқа енген балықтарды заңсыз аулау фактісі анықталды.

Іс-шараны облыстың табиғатты қорғау полициясы, ЖҚАЖ қызметкерлері, сондай-ақ, Ақтау қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны және Түпқараған ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп өткізді.

Мәселен, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында полиция қызметкерлері «УАЗ» автокөлігін тоқтатты. Автомобильді тексеру кезінде полицейлер жүксалғыштан жалпы салмағы 148 келіден асатын бекіре тұқымдас балықтар тауып, тәркіледі. Автокөлік жүргізушісі – 25 жастағы жергілікті тұрғын, - делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Фото: дереккөз
Загрузка...