Маңғыстауда елді мекендерді сумен қамту мәселесі қаралды

3 Маусым 2019, 21:48
2314
Бөлісу:
Маңғыстауда елді мекендерді сумен қамту мәселесі қаралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мәселелері қаралды. 

Маңғыстау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимовтың мәлімдеуінше қала бойынша 100% сумен, ал облыстағы ауылдық елді мекендер 69% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. 2018 жылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету бойынша Бейнеу ауданының Боранқұл және Мұнайлы ауданының Маңғыстау-4 ауылдарында 2 жоба іске асырылды. 

Ал, 2019 жылы Бейнеу ауданының Сарға, Есет, Төлеп ауылдары мен Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында 4 жобаны іске асыру жоспарлануда.
Нәтижесінде, қамтамасыз ету көрсеткіші – 75,8 % жеткізілетін болады. 

"Бұдан басқа, орталықтандырылған сумен бұрыннан қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендерді, атап айтқанда жаңадан құрылысы салынып жатқан жер телімдерін қамту мақсатында жалпы 12 жоба іске асырылып жатыр", - деп хабарлады басқарма басшысы.

Қалалардағы орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету көрсеткіші – 93,1% құрайды. «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасының аясында Шетпе ауылындағы 2 жобаны іске асырылуда. Нәтижесінде, АЕМ-гі орталықтандырылған су бұрумен қамтамасыз ету 2019 жылы 7,1 % жеткізілетін болады. 

Сонымен қатар, 2019 жылы «Ақтау қаласындағы КОС-1 бастап КОС-2 дейінгі өздігінен ағатын кәріз коллекторының құрылысы» жобасын іске іске асуда. Бұл жобаны іске асыру тазартылмаған ағынды суларды КОС-2 алаңына айдауға мүмкіндік бермек. 

Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы