Маңғыстауда 40 градусқа дейін күн ысиды

23 Маусым 2020, 17:44
1018
Бөлісу:
Маңғыстауда 40 градусқа дейін күн ысиды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері екі облыста дауылды ескерту жасады.

24 маусымда күндіз Маңғыстау облысында күндіз 39 градус қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

24 маусымда Ақмола облысының кей жерінде түнде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында 24 маусымда түнде найзағай, солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

 

    

Өзгелердің жаңалығы