Маңғыстауда ірі жылыжай кешені іске қосылды
01 Қараша 2021, 18:43 193

Маңғыстауда ірі жылыжай кешені іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысына қарасты Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе ауылында түрік технологиясымен қызанақ өсіруге арналған жылыжай іске қосылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

Ауданы 1 гектарды құрайтын жылыжай жылына 150-160 тонна көкөніс береді деп жоспарлануда. Инвестициялық жобаның құны 400 млн теңге. Жылыжайды кәсіпорын орнатып, қажетті қондырғыларды облыстық фирма орнатты. Жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылды. 20 аудан тұрғыны тұрақты жұмысқа орналасты.

22 қыркүйекте Президент Маңғыстау облысына келген сапарында азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі бізге бірқатар міндет жүктеді. Алдағы уақытта жылыжайдағы өнім көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, мамандар жылдың төрт мезгілінде облыс тұрғындарын толықтай қызанақпен қамтымақ, – деді аудан әкімі Тілек Көшмағамбетов.

Айта кетейік, қызанақ өндіруге арналған жылыжай ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан тұрғындарына берілген ерекше тарту болып отыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...