Бас жаңалықтар
Маңғыстау облысында отбасы институтын нығайту мәселесі талқыланды
25 Маусым 2021, 17:52 498

Маңғыстау облысында отбасы институтын нығайту мәселесі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ләззат Рамазанова Маңғыстау облысында кездесулер өткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарын зорлық-зомбылыққа жол бермеу жөніндегі жоспарланған шараларды жұртшылықпен кеңінен талқылауды қамтамасыз етуді тапсырған еді. Сондықтан осыған байланысты өңірлерде халықпен кездесулер ұйымдастырылып жүр. Бұл жолы кезек Маңғыстау облысына келді. Нақтырақ айтқанда, Жаңаөзен және Ақтау қалаларында өтті.

Бұл жиында отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған заңнамалық нормаларды жетілдіру қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, елімізденә отбасылар мен балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып саналады. Мемлекетімізде қабылданып жатқан заңдардың қоғамның, еліміздің әрбір тұрғынының игілігі үшін жұмыс істеуіне жағдай жасау біз үшін өте маңызды, - дейді Ләззат Рамазанова.

Қатысушылар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдарды ведомствоаралық үйлестіруді, олардың тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жүйелі алдын алуға, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған қоғамдық ұйымдармен үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар жаңа заңнамалық бастамаларды енгізу кезінде отбасылық құндылықтарды есепке алу қажеттілігі, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін арттыру қажеттілігі туралы мәселелер көтерілді. 

Үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары мен мүшелері радикалды ағымдардың отбасы институтына әсер етуіне жол бермеу және проблемалар туралы да айтылды. 

Қоғам белсенділері балалар мен жастар арасында отбасылық құндылықтардың сабақтастығын қалыптастыру процесіне ана мен әке институттарының беделін арттыру үшін қоғамда құрметке ие аға буын өкілдерін тартуды ұсынды.

Айтылған ұсыныстардың ішінде - көпбалалы отбасылардағы балалар мен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары бар аналар үшін жәрдемақыларды ұлғайту, бала күтімі бойынша жәрдемақыларды бала тууға байланысты демалыста болу мерзімдеріне барабар төлеу мерзімдерін ұлғайту, көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй алу мерзімдерін қысқарту бар. 

Сонымен қатар репродуктивті денсаулық, ерте жүктілік,мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың мәселелері, мемлекеттік оңалту орталықтарын ашу қажеттілігі көтерілді,- дейді комиссия төрайымы.

Фото: дереккөз
Загрузка...