Маңғыстау облысында газ бағасына қатысты тергеу басталды

Маңғыстау облысында газ бағасына қатысты тергеу басталды
852

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі отын-энергетика өнеркәсібі департаменті басқармасының басшысы ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Қазір Маңғыстау облысында газ бағасын картелді келісім бойынша тергеу басталды. Одан бөлек Қостанай мен Солтүстік Қазақстан бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу енді басталғандықтан оның нәтижесін шығару үшін уақыт керек болады. Жылдың соңында көтерме саудада Батыс, Солтүстік және Түркістан облысында бағаның төмендеуі байқалды. Осыған қатысты біз өңірлердегі бізге қарасты департаменттерге тапсырма бердік. Олар Қазақстан бойынша газ жеткізетін кәсіпкерлерді жинап, түсіндірме өткізді. Жылдың соңына көтерме саудадағы бағаның  түсуіне байланысты субъектілер де газ бағасын шамамен 5-15 теңге аралығында төмендетті, – дейді Асамбеков.

Сонымен қатар ол газ бағасын төмендету жөніндегі агенттік жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы