Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

25 Шілде 2021, 12:40
3453
Бөлісу:
Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бүгін, 2021 жылы 25 шілдеде Маңғыстау облысындағы 6 ауыл мен 4 ауылдық округте әкімдерді сайлау басталды.

Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Соның ішінде:

- Бейнеу ауданында Сарга, Есет, Төлеп ауылдарында және Сам ауылдық округінде.

- Қарақиян ауданында Құланды ауылдық округінде.

- Маңғыстау ауданында Жармыш, Қызан ауылдарында және Онды мен Тұщықұдық ауылдық округтерінде

- Түпқараған ауданында Ақшұқыр ауылында.

Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

Сайлауға барлығы 10 сайлау округі қатысады, оларда 14 сайлау учаскелері және 14 144 сайлаушы бар. 10 округ бойынша 25 кандидат сайлау бюллетендеріне енгізілді (5 округте 2 кандидаттан, 5 округте - 3 кандидаттан).

Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

Аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақытымен сағат 07.00-дегі жағдай бойынша 6 ауылдарда, 4 ауылдық округтерде 14 сайлау учаскелері дауыс беруге кірісті.

Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы келесі ақпарат аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10.00-де, 12.00-де, 14.00-де, 16.00-де, 18.00-де, 20.00-де және сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21.00-де ұсынылатын болады.

Маңғыстау облысында 6 ауыл мен 4 ауылдық округтің әкімдері сайланады

Өзгелердің жаңалығы