Маңғыстау облысында құны 5,2 млрд теңгелік бес жоба іске қосылмақ

30 Қаңтар 2020, 17:48
1896
Бөлісу:
Маңғыстау облысында құны 5,2 млрд теңгелік бес жоба іске қосылмақ
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. Осындай ақпарды өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен жиында басқарма басшысы Серік Қалдығұл келтірді.

02.JPG

Серік Сырымұлының сөзінше, бүгінде Түпқараған ауданында бөлінген 43 шақырымдық жер телімінде "Ақтау Агро" серіктестігі құс фабрикасын салып жатыр. Құрылысы осы жылы аяқталған соң бұл нысанда 120 жұмыс орны ашылмақ.

Құны 4 млрд теңгені құрайтын жобадан жылына 5 мың тонна өнім алынады деп күтілуде. Қазіргі уақытта тауық балапаны бағылатын он алты нысанды салу жұмыстары аяқталып, оларға шетелден әкелінген құрал-жабдықтар мен жылу жүйесі орнатылып жатыр.

WhatsApp Image 2020-01-30 at 12.30.29.jpeg

Фабрика ашылған соң жылына үш мың 200 тонна құс етін өндіріп, ішкі сұраныстың елу пайызын қамтуы керек.

"Ақтау Агро" серіктестігінің директоры Данияр Тұрғыновтың айтуынша, әрбір нысанда 32 мыңдай балапан бағылады.

Яғни, тауық мұнда шөже күйінде жіберіледі. Өсіп-жетілген соң арнайы цехқа жіберіліп, сойылады. Сол жерден шығатын дайын өнім мұздатылған күйде ішкі нарыққа жедел жеткізіліп отырады. Жалпы серіктестік құс фабрикасынан бөлек, мал бордақылау орны мен комбикорм зауытын салу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" филиалы мамандарының көмегімен 1,5 мдрд теңгеге жуық несие қаржы рәсімдеді, - дейді жеке кәсіпкер.

WhatsApp Image 2020-01-30 at 12.30.28.jpeg

Құс фабрикасына мемлекет қаржысы есебінен қажетті инфроқұрылым желілері жеткізілген. Фабрикаға биыл Мұнайлы ауданында іске қосылуы тиіс түйіршіктелген құрама жем өндіру зауыты өнім дайындайтын болады. Дәл осы ауданда өзге серіктестік бағасы бес млрд теңге болатын зауыт құрылысын бастамақ ниетте. Салу жұмыстарын ақпан айында бастау көзделген зауыт келешекте жұмыртқа өндіретін болады.

Сондай-ақ, Мұнайлыда Жалғасбек есімді іскер азамат банктен алған 70 млн теңгесін асыл тұқымды жылқы, түйе санын көбейтуге жұмсаған.

WhatsApp Image 2020-01-30 at 12.30.29 (1).jpeg

Өткен жылдың басында барлық құжатты жиып тапсырдық. Комиссия қараған соң мақұлдады. Несиені бес процентпен алдым. Әзірге 88 түйе сатып алуды жоспарлап қойдық, оның сүтін ұнтақ түрінде сатамыз бұйырса. Артылып жатса, бізге көрші елдерге жөнелтеміз, - дейді жеке шаруа қожалығының жетекшісі.

2019 жылы қазақ мемлекетінде "Қарапайым заттар экономикасы" даму бағдарламасы іске қосылды. Ол ішкі нарықты отандық тауарлармен толтырып, өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Оның аясында Маңғыстау облысына бөлінген 2 млрд теңгеге бас-аяғы 50 жоба жүзеге асып отыр.

Бұл салада айтылар мәселе де жеткілікті. Бастысы, ауыз судың тапшылығы. Осы тұрғыдан жылыжайлар салуға жергілікті тұрғындардың қызығушылығы жоғары.

Қазір Маңғыстау облысы бойынша жалпы көлемі 27 гектарды құрайтын жылыжайлар қолданыста бар. Ендігі мақсатымыз - әр аудан мен қаладан ең кемі 1 гектардан жылыжай салу үшін тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмекті барынша тиімді пайдаланып, жұмыс істеймін деген азаматтарға беретін болсақ, сырттан келетін ауылшаруашылық өнімдерінің көлемі азаяр еді, - деді брифингтегі сөзінде ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл.

Былтырғы жылы мұнайлы аймақтың ауыл, орман және балық шаруашылығы секторында жалпы құны 20,4 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Бүгінгі таңда облыс аумағында бір мың 444 шаруа қожалығы өз жұмысын жалғастыруда. 

Соңғы алты жылдан бері осы шаруа қожалықтары үшін 300 құдық қазылды.

Өзгелердің жаңалығы