Маңғыстау кәсіпорындарында 700-ге жуық заң бұзушылық анықталған

5 Қазан 2021, 20:15
6151
Бөлісу:
Маңғыстау кәсіпорындарында 700-ге жуық заң бұзушылық анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұралы Баулыбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, биыл өңірдегі кәсіпорындарға мемлекеттік еңбек инспекторлары 332 тексеру жұмысын жүргізді. 

Тексеріс нәтижесінде жыл басынан бері 689 заң бұзушылығы анықталған. Оның 410-ы еңбек қатынастарына қатысты. 269-ы қауіпсіздік және еңбекті қорғауға және тағы 10-ы халықты жұмыспен қамту бойынша. Мемлекеттік еңбек инспекциясы заң бұзған кәсіпорындарға 5,7 млн. теңге көлемінде 37 әкімшілік айыппұл салды, - деді Нұралы Баулыбаев.

Сондай-ақ, биыл облыс аумағындағы кәсіпорындарда 31 жазатайым оқиға тіркелген. Осыған орай, басқарма арнайы коммиссия құрып, тексеріс жұмыстарын ұйымдастырды.

Маңғыстау облысының кәсіпорындарында барлығы 31 жазатайым оқиға тіркеліп, 33 адам зардап шеккен. Оның 31-і ауыр жағдайға тап болса, 2-уі мерт болды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 11,4 %-ға төмендеген, -деді Нұралы Баулыбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері аймақтың 57 кәсіпорнында ҚР Еңбек Кодексінің соңғы өзгерістері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алайда кейбір кәсіпорындар еңбек инспекторының нұсқамасымен келіспей, жыл басынан бері 28 сот отырысы өтті.

Өзгелердің жаңалығы