Маңғыстау әкімі Бозжыра мәселесіне қатысты жауап берді

23 Қараша 2020, 16:05
3435
Бөлісу:
Маңғыстау әкімі Бозжыра мәселесіне қатысты жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Бозжыра мәселесіне тоқталды.

Оның айтуынша, Маңғыстау өңірі туризм саласын дамытудағы негізгі он өңірдің қатарына кіреді. Осыған орай аймақтағы тарихи орындарды, Шерқала, Айрақты, Тамшалы, Жырақты, Бозжыра сияқты табиғаты ерекше әсем жерлерді туристерге таныстыру мақсатында жұмыстар жоспарланды.
 

Бозжыра шатқалында қонақүй салу мәселесі инвесторлар өздері ұсынған жоба болатын. Осы жобаны біз қоғам белсенділерімен қоғамдық кеңесте талқалау үстіндеміз. Жалпы, өңірдегі туризмді дамыту үшін бұл қонақүй керек. Себебі ол жерге біз жергілікті бюджеттен қаражан бөліп, жол тартамыз, автотұрақтар салынады. Бозжыра маңындағы табиғатты тамашалау үшін келетін туристерге жағдай жасауымыз керек. Алдағы уақытта бұл мәселені қоғам белсенділерімен талқылап, іске асыратын боламыз, - деді ол.
 

Еске саламыз, қараша айының ортасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығына қонақ үй салуға қатысты тапсырма берген еді.
 

Айта кетейік, облыс басшысы бұған дейін биыл өңірде 23 млрд теңге болатын 8 жаңа жобаның іске қосылатынын және өңірдегі эпидемиологиялық ахуал барынша бақылауда екенін мәлімдеген болатын.
 

Өзгелердің жаңалығы