Маңғыстау 20 қыркүйектен бері «жасыл» аймақта

25 Қараша 2021, 14:39
1734
Бөлісу:
Маңғыстау 20 қыркүйектен бері «жасыл» аймақта

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұрлан Ноғаев «Мемлекет басшысының жолдауы аясында Маңғыстау облысының 2021 жылдың 10 айындағы дамуы туралы» есеп беруде.

Ол  өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қысқаша тоқталып кетті, 

Жалпы облыс бойынша жағдай бірқалыпты. 20 қыркүйектен бастап "жасыл" аймақтамыз. Облыста COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 23 358-ді құраса, соңғы тәулікте індет 6 адамнан анықталды, - деді Ноғаев. 

Оның атап өтуінше, бүгінгі күні стационарларда 43 адам, реанимация бөлімшелерінде 5 науқас ем қабылдап жатыр. 

Атап айтсақ, стационардағы төсек орындарының толымдылығы – 18%, реанимация – 14% құрап отыр, Медициналық ұйымдар жеткілікті дәрілік препараттар және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған, -деді әкім.

Өзгелердің жаңалығы