Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды

9 Мамыр 2021, 13:05
1478
Бөлісу:
Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Жеңістің 76 жылдығына орай Екінші Дүниежүзілік соғыстың батырларына арналған ескерткіш жанында еске алу шаралары басталды. Дәстүр бойынша монументтерге бірінші болып Қарулы Күштердің әскери қызметшілері гүл шоқтарын қойды.

Еске алу рәсімдерін Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер қолбасшылары, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері, әскери оқу орындарының бастықтары бастады.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды

Сонау сұрапыл соғыс жылдарының тарихын есте сақтау, қазақстандық батырлардың жауынгерлік ерлігін қастерлеу, көздің қарашығындай қорғау – біздің қасиетті парызымыз. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 24 ардагері тұрады. Тәуелсіз елдің әскери қызметшілері ата-бабамыздың өшпес ерлігіне бас иеді. Ешкім де, ешнәрсе де ұмтылмайды. Соғыста және тылда еңбек еткен ардагерлерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, сергек рух тілеймін! Ал барлық қазақстандықтарға – бейбітшілік пен ынтымақ тілеймін,- деді Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Серік Борамбаев.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды

Салтанатты іс-шаралар барлық гарнизондарда өтті. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының 125 ардагері тұратын Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы Мәңгілік алауда еске алу шарасы өтті. Оған Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров қатысты.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды

Қарағанды гарнизонында да «Мәңгілік алау» мемориалдық ансамблінің жанында гүл шоқтары қойылды. Аталмыш рәсімге «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Күшекбаев басшылық етті.

Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды: Ардагерлердің ерлік жолы еш ұмытылмайды

Жеңіс күні – мен үшін ғана емес, еліміздің әрбір азаматы үшін ұлы мереке. Қарағанды облысында 49, ал Қарағанды қаласында Ұлы Отан соғысының 34 ардагері тұрады. Біз олардың әрқайсысын білеміз, құрметтеп, мақтан тұтамыз. Ел қорғаны болған ардагерлердің әрбіріне барынша көңіл бөліп, қамқорлық жасауға тырысамыз. Бүгін ардагерлердің ерен ерлігіне құрмет көрсетіп, еске алдық. Олардың ерлік жолын мақтан етемін, - деді генерал-майор Мереке Күшекбаев.

 



Өзгелердің жаңалығы