Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер келді

28 Қазан 2021, 17:47
12106
Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасына жаңа бапкер келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Denis Ten Memorial Challenge 2021» халықаралық турнирінің ашылу салтанатында белгілі болды.

Denis Ten Foundation директоры, еліміздің Конькимен сырғанаушылар ұлттық федерациясының вице-президенті Оксана Тен жаңа жаттықтырушымен таныстырды.

Осы турнирден қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының жаңа кезеңі басталады. Спорттық додаға түрлі өңірден балалар келді. Біз бұқаралық спортты дамыту жолында көп еңбектенуіміз керек. Бұл тарихи сәт – енді мәнерлеп сырғанаушыларымызды мықты спортшылардың бірі, Денистің досы Сергей Воронов дайындайды. Ұсынысты қабылдағаны үшін оған шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді ол.

Жеке мәнерлеп сырғанауда өнер көрсететін Сергей Воронов – 2014 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 2014/2015 жылдарғы Гран-при маусымы ақтық сайысының қола медаль иесі, 2015 жылғы командалық әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған. Ресейдің екі дүркін чемпионы (2008, 2009). 2017 жылы NHK Trophy Гран-при сериясы жарысының жеңімпазы атанған. 2014 жылы Финляндия Олжасы «Челленджер» жарыс топтамасының және Непела мемориалының (2016) жеңімпазы. Өз мансабын бір жыл бұрын аяқтаған.

Мен үшін бұл - үлкен қуаныш. Қазақстанда жұмыс істеу – үлкен жауапкершілік, осында болғаныма ризамын, - деді Сергей Воронов.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge» (ISU) Халықаралық турнирі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде 2021 жылдың 28-31 қазан күндері аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы