Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін

29 Қараша 2020, 14:46
1499
Бөлісу:
Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы Стокгольмдегі әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін. 

Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазір біз ISU-мен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын талқылап жатырмыз. ISU Гран-при кезеңдерін өткізіп жатыр. Оның үстіне, әлем чемпионатынан бұрын Загребте Еуропа біріншілігі ұйымдастырылады. Сондықтан бізге доданы өткізер кезде біраз көмек болары анық. Біз көрермендерді кіргізбеу туралы жоспарды да ойластырудамыз, - дейді әлем біріншілігін ұйымдастырушылар.  

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 2021 жылдың 22-28 наурызына жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы