Бас жаңалықтар
МӘМС: Елорда бойынша 3,7 млрд теңгеден аса жарна түсті
06 Мамыр 2021, 09:35 268

МӘМС: Елорда бойынша 3,7 млрд теңгеден аса жарна түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін 12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд теңгеден аса жарна түсті, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 70,8 млрд теңгеге жуық.

2021 жылдың сәуір айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,7 млрд теңгеден аса жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,8 млрд теңгеден асады, ал жеке кәсіпкерлерден 1,9 млрд теңге түскен. Сондай-ақ, осы жылдың 30 сәуіріндегі жағдай бойынша 7 188 адам бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша МӘМС-ке жарна төлеген. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады, - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.




Фото: дереккөз
Загрузка...