Бас жаңалықтар
Маминнің БАӘ-ге сапары: Бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады
PHOTO
11 Қазан 2021, 09:30 634

Маминнің БАӘ-ге сапары: Бірлескен жаңа жобалар пулы $6 млрд-тан асады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9-10 қазанда Премьер-министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Абу-Даби қаласында Үкімет басшысы БАӘ Премьер-министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид әл Нахаянмен, сондай-ақ Abu Dhabi Developmental Holding Company (ADQ) холдингтері және  мемлекеттік даму институттары мен БАӘ-нің басқа да жетекші компанияларының басшылығымен келіссөз жүргізді.


Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистика, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын және екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады. 

Қазіргі уақытта әмірлік компаниялары Қазақстанда жалпы құны $3,5 млрд-тан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуда. Өткізілген келіссөздер қорытындысы бойынша экономиканың басым салаларында жобаларды дамыту бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылды. Құжат ұлттық экономиканың энергетикалық, агроөнеркәсіптік, көлік-логистикалық, фармацевтикалық және қаржы секторларындағы жобаларды іске асыруға бағытталған, инвестициялардың жалпы көлемі $6 млрд-тан асады.


Келісімді іске асырудағы Қазақстанның негізгі әріптесі өңдеу және өндіру өнеркәсібі, АӨК, көлік және логистика, қаржы, туризм, медиа және энергетика сияқты секторларда кеңінен ұсынылған Абу-Даби ADQ егемен қоры болады. 

Қордың басқаруында $175 млрд астам көлемдегі активтер бар. Келісім аясында «Самұрық-Қазына» АҚ ADQ-мен стратегиялық ынтымақтастық орнатып, жаңартылатын және дәстүрлі энергетиканы дамыту жөніндегі бірлескен энергетика холдингін құруға ниетті. Елде қуаты 5 ГВт болатын күн, жел және су электр станцияларын салу бойынша бірлескен жобаларды және т.б. іске асыру жоспарлануда. 

«Kazyna Capital Management» АҚ және ADQ ІТ, қаржы технологиялары, агротех, В2В және В2С, телекоммуникациялар, азық-түлік өнімдерін өндіру технологиялары, платформалық шешімдер және цифрлық трансформация және т. б. салаларда бірлескен стартап-жобаларды қаржыландыру үшін $100 млн-ға бірлескен венчурлық қор құрады. 

ADQ елде көтерме-тарату орталықтары желісінің құрылысына қатысады. Компания сондай-ақ Қазақстанның етті мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және жеміс бағбаншылығында бірқатар ірі жобаны іске асыру мүмкіндігін қарастыруда.  

«СҚ-Фармация» ЖШС мен Rafed ҚР фармацевтика өнеркәсібін дамытуда ынтымақтастық орнатады. Сапар аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Sembol және Abu Dhabi Fund for Development компаниялары ШҚО-да «Катонқарағай» туристік кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастықтың базалық шарттары туралы келісімге қол қойды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен БАӘ Климаттың өзгеруі және қоршаған орта министрлігі арасында, сондай-ақ АХҚО мен Abu Dhabi Global Market (ADGM) қаржы орталығы мен Abu Dhabi Securities Exchange (ADX) биржасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан мен БАӘ пошта қызметтері «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбындағы екі пошта маркасын бірлесіп шығаруды жүзеге асырды.


Дубай қаласында Үкімет басшысы  «EXPO 2020 Dubai» халықаралық көрмесіне барып, онда Қазақстан, БАӘ, РФ және т.б. ұлттық павильондармен танысты.


Жұмыс сапарына ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, әділет министрі Марат Бекетаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Жасұлан Мәдиев, энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков, БАӘ-дегі елші Мадияр Меңілбеков, іскерлік топтарының өкілдері және т. б. қатысты.



Фото: дереккөз
Загрузка...