Мамин жазда вакцинациялауды күшейтуге қатысты тапсырма берді

10 Маусым 2021, 09:55
2428
Бөлісу:
Мамин жазда вакцинациялауды күшейтуге қатысты тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқынын күшейтуге қатысты әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді.

Жалпы санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Вирус жұқтыру деңгейі төмендеп келеді, бір аптада 30%-ға азайды. Елорда ғана «қызыл» аймақта қалды. Осы ретте әкімдік қосымша шаралар қабылдауы керек, - деп айтты Мамин.

Үкімет басшысы атағандай, елімізде 10 өңір «жасыл» аймақта, 6 өңір «сары» аймақта.

Тұрғындардың вакцина алуы мен эпидемияға қарсы жүргізілген шаралардың нәтижесінде Қазақстан «жасыл» аймаққа кірді. Бүгінгі күні 2,4 млн-ға жуық адам вакцинаның бірінші компонентін және шамамен 1,3 млн адам екінші компонентін алды, - деді ол.

Асқар Мамин әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі жаз кезінде вакциналау қарқынын барынша ұлғайтуы қажет, екенін айтты.

Әсіресе Маңғыстау, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында. Барлық деңгейдегі әкімдер вакцинациялау мәселесін жеке бақылауға алуы тиіс, - деп тапсырма берді ол.

Өзгелердің жаңалығы