Мамин жаңа энергетика министрін таныстырды

9 Қыркүйек 2021, 18:39
16413
Бөлісу:
Мамин жаңа энергетика министрін таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин Энергетика министрлігінің ұжымына жаңа басшы Мағзұм Мырзағалиевті таныстырды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет басшысы М. Мырзағалиевтің энергетика саласындағы басшылық қызметтерде атқарған үлкен жұмыс тәжірибесін атап өтті. Ол бұрғылау инженерінен бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, энергетика вице-министрі лауазымына дейін еңбек жолынан өтті. 2019 жылғы маусымнан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. 

Оның энергетика министрі үшін қажетті тәжірибесі мен білімі мол. Мемлекет басшысы Министрліктің алдына саланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету бойынша үлкен міндеттер қойды. Өңірлерді газбен қамтамасыз ету, мұнай химиясы және мұнай өңдеу саласындағы ірі жобаларды іске асыру, цифрлық технологияларды енгізу, жаңартылатын энергетика мен мұнай-газ машинасын жасауды дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Асқар Мамин.
Өзгелердің жаңалығы