Бас жаңалықтар
Мамин жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрін таныстырды
10 Қыркүйек 2021, 16:14 89

Мамин жаңа Экология, геология және табиғи ресурстар министрін таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұжымына жаңа басшы Серікқали Брекешевті таныстырды, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алдына жаңа Экологиялық кодексті тиімді іске асыруды қамтамасыз ету, Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын дайындау, орман қорын ұлғайту, су ресурстары мен балық шаруашылығын басқару жүйесін одан әрі дамыту бойынша маңызды міндеттер қойылғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Ұлттық геологиялық қызметті құруды тапсырды. Геологиялық барлауды дамытуға және жер қойнауын кешенді зерттеуге, геологиялық ақпараттың ашық цифрлық базасын құруға ерекше назар аудару қажет,  - деді Асқар Мамин. 

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген. Түрлі жылдары Энергетика және минералдық ресурстар, Мұнай және газ министрліктерінде, «ҚазТрансГаз» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді. 2020 жылдың наурыз айынан бастап Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...