Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

23 Наурыз 2019, 13:06
1156
Бөлісу:
Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында сапар барысында А. Мамин өңірде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдаулары мен тапсырмаларында айтылған құрылымдық және институционалдық реформалардың орындалуымен танысады. Бұл туралы primeminister.kz мәлімдеді.

Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі — «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында Премьер-министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.

Өзгелердің жаңалығы