Мамин вакцинациялауды күшейтуді тапсырды

20 Сәуір 2021, 10:04
1470
Бөлісу:
Мамин вакцинациялауды күшейтуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір біздің басты міндетіміз санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялаумен қамтуды арттыру, - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар Мамин пандемиямен байланысты жағдай әлі де күрделі, бірақ бақылауда тұрғанын айтты.

Дегенмен 8 өңір «қызыл аймақта». Вирустың репродуктивтілік индексі – 1,06. Ауруханалардағы орындардың жүктелуі – 41%, реанимациялық бөлімдердегі орындар – 27%, - деп атап өтті ол.

Осыған байланысты Мамин әріптестеріне тапсырма берді.

Халықты, әсіресе қамтылуы төмен өңірлерде вакцинациялаумен қамтуды кеңейту қажет. Сәуір айының соңына дейін және ай сайын 2 млн адамды вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды нақты орындау керек, - деп тапсырма берді Мамин.
Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер сапалы медициналық көмек көрсетілуін, медицина ұйымдарының қажетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуін үнемі мониторингтеп тұруды тапсырды.
Әкімдіктер Денсаулық сақтау, Ішкі істер министрліктерімен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мобильді мониторингтеу топтарының белсенді қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етсін, - деді Асқар Мамин Үкіметте.

Өзгелердің жаңалығы