Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

22 Тамыз 2019, 21:47
1796
Бөлісу:
Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды, деп хабарлады primeminister.kz.

Татарстанда Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті. Екі елдің Премьер-Министрлері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин негізін салып, дамытқан стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар биыл сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары аясында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысын талқылады.

photo-2019-08-22-21-11-47.jpg

Үкіметаралық келіcсөздер сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі арттыруға, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналды. Кездесуде сонымен қатар шекара маңы және интеграциялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қаралды.

Ресей — Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екі жақты сауда көлемі 13%-ға артып, $18,5 млрд-қа жетті. 2019 жылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша тауар айналымы $8,8 млрд құрады.

«Жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейту, біздің бизнес-қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ, үшінші елдер нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет», — деп Асқар Мамин, ресейлік нарыққа 60-тан астам позиция бойынша қазақстандық тауарларды жеткізудің жоғары әлеуетін атап өтті.

Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

Қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі — өнеркәсіптік кооперация.

Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Татарстанның алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындарын, атап айтқанда, «КАМАЗ» ЖАҚ-ты аралады.

ҚР және РФ-тің өнеркәсіптік кооперация саласындағы Бірлескен іс-қимыл бағдарламасы аясында «Агромашхолдинг KZ» қазақстандық компаниясы мен «КАМАЗ» бірлесіп бірқатар жобаларды жүзеге асыруда, оның ішінде жүк автомобильдерінің белдіктерінің редукторларын және арнайы техника өндіретін зауыт құрылысы бар.

Бұған қоса, Асқар  Мамин «Татнефть» компаниялар тобына кіретін «Танеко» мұнай өңдеу зауытына барды. Татарстан астанасында ҚР Үкіметінің басшысы Қазан тікұшақ зауытында болып, «Химград» технополисін аралады.  

Қазанда Асқар Мамин «Wildberries» жетекші ресейлік халықаралық интернет дүкенінің бас директоры Татьяна Бакальчукпен кездесу өткізді, онда компанияның Қазақстанда сауда-логистикалық орталықтарды салу және бизнесті кеңейту жөніндегі жоспарлары талқыланды.

Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

Келіссөздердің қорытындысы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Wildberries» компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, АХҚО қатысушысы ретінде  «Wildberries» тіркелу туралы сертификат берілді.

Мамин Татарстанда Медведевпен кездесіп, өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады

Жұмыс сапары аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен бірге «WORLDSKILLS  KAZAN 2019» чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Чемпионат қарсаңында Асқар Мамин WorldSkills стандарттары бойынша кәсіби шеберліктен Қазақстанның ұлттық құрамасымен кездесіп, оларға жарыстарда сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы