Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыда болды

30 Наурыз 2019, 15:23
2413
Бөлісу:
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыда болды

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында индустриялық кәсіпорындарға, көлік инфрақұрылымының салынып жатқан нысандарына барып, Алматы өңірінің турбизнес өкілдерімен кездесу өткізді. 

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау кезінде «KBTU Drilling Center» оқу-жаттығу орталығы мен мұнай-газ саласының мамандары біліктілігін арттыратын Қазақстандық теңіз академиясын барып көрді. Асқар Мамин радиоэлектроника, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын, композит бұйымдарды, күн электр станциясы нысанын шығаратын «KazTechInnovations» ЖШС зауытына барды. «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА әкімшілік орталығында Үкімет басшысына осы аймақ аумағында орналасқан кәсіпорындардың қызметінің бағыттары туралы баяндалды. 

Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолы бойындағы жол айрығын көру кезінде ҚР Премьер-Министрі көлік схемасын дамыту туралы ақпаратты тыңдады, сондай-ақ, Абай даңғылы мен Б. Момышұлы көшесінің қиылысының маңында орналасқан «Достық» метросы бекетінің құрылысын көрді. Ұзындығы 3,1 км «Сарыарқа» және «Достық» метросының жаңа бекеттері метрополитендегі жолаушылар ағынын тәулігіне 46 мың адамнан 86 мыңға дейін ұлғайтуға жол ашады. ҚР Премьер-Министрі Алматыда қоғамдық көліктің дамуы мен жеңіл рельсті көлік (ЖРК) құрылысы жобаларын іске асыру жөніндегі баяндамаларды тыңдады. 

А. Мамин «Қазжеңілөнеркәсіп-Алматы» ЖШС киім шығару фабрикасына және қаланың индустриялық аймағының бірқатар кәсіпорындарына барды. Атап айтқанда, Tokyo Rope Manufacturing корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіру зауытын көрді, жеңіл автокөлік өндіретін «Hyndai Trans Kazakhstan» зауытының құрылыс алаңдарында болды, сондай-ақ диаметрі 300 мм-ден 900 мм-ге дейін үлкен болат дәнекерлі құбырлар өндірісі жолға қойылатын Asia Steel Pipe кәсіпорнына барды. Зауыт жыл сайын мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау және тау-кен өндірісі, құрылыс, химия өнеркәсібі, энергетика салаларында пайдалану үшін 100 мың тоннаға дейін құбыр жеткізетін болады. Жұмыс сапары электр автобустарын құрастыратын «Falcon Eurobus» ЖШС зауытында жалғасын тапты. Мұнда ҚР Премьер-Министріне үшінші буынның электр автобустарының модельдері көрсетілді.

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматыда болды

Алматыда ҚР Премьер-Министрі Алматы өңірінің туристік тау кластерінің перспективалық нысандарын ұшып аралады, сонымен қатар оны дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына Алматы қаласы мен Алматы облысының туристік бизнес-қауым өкілдері қатысты.

Өзгелердің жаңалығы