Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесу өткізді

1 Наурыз 2021, 15:55
1431
Бөлісу:
Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан әрі дамыту және орташа шешімдегі Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыштық зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қатысты. 


Өзгелердің жаңалығы