Мамин РФ Үкіметінің төрағасымен келіссөз жүргізді

4 Ақпан 2021, 20:07
947
Бөлісу:
Мамин РФ Үкіметінің төрағасымен келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматы қаласына келген РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен екіжақты кездесу өткізді. 

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика, көлік-логистикалық, геологиялық, әскери-техникалық салалардағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперация, АӨК, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. 

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19 таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен шараларға және екі елдің экономикасы үшін пандемия зардаптарын, оның ішінде экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын дайындау және іске асыру жолымен жоюға ерекше назар аударылды. 

Ресей — Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. 2020 жылы екіжақты тауар айналымы $18 млрд асты. 

Өзгелердің жаңалығы