Мамин нашар жұмыс істеп жатқан өңірлік комиссияларды сынады
23 Қараша 2021, 09:58 195

Мамин нашар жұмыс істеп жатқан өңірлік комиссияларды сынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

9 айда жергілікті қамтудың өсу серпіні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызды құрады. Қарапайым заттар экономикасының 7 саласы бойынша жергілікті қамтудың жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілді, оның ішінде машина жасау, фармацевтика, жеңіл, жиһаз, химия және тамақ өнеркәсіптерінде, - деді Мамин.

Оның айтуынша, құрылыс материалдарын өндірісінде жоспарлы көрсеткішке 77,3 пайызға қол жеткізілген жоқ.

Бірақ бізде әлі 1,5 ай бар. Бұл сала нарықта зор әлеует пен сұранысқа ие. Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша жергілікті қамту үлесі бойынша өңірлер рейтингінде көшбасшы болып табылады. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласында ең төмен көрсеткіштер, - деді ол.

Мамин атағандай, жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандырып, оның жұмысына отандық тауар өндірушілерді барынша тарту қажеттігін айғақтайды.

Аталған комиссиялардың жұмысы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында нашар ұйымдастырылған.Бұл ретте қазақстандық қамтудың дамуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.Мысалы, офтейк-келісімшарттар, тауарлардың электрондық каталогы, жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті келісімшарттар сияқты жаңа құралдар енгізілді. Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы, Жергілікті қамтуды дамыту қоры құрылды, - деді Мамин.

Ол атағандай, Самұрық-Қазына қоры компанияларының сатып алудағы жергілікті қамту 75%-ын құрап отыр.

Бұл оң тәжірибені квазимемлекеттік және мемлекеттік секторлардың басқа компанияларына да тарату керек, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...