Бас жаңалықтар

Мамин Мишустинмен келіссөз жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы, сондай-ақ өнеркәсіптік кооперациядағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселесін талқылады. 

Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды.  

COVID-19 індетінің таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикасы үшін пандемияның салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. 

Сонымен қатар, Мәскеу қаласына сапар барысында ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорациялары мен қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған. 


Фото: дереккөз
Загрузка...