Бас жаңалықтар
Мамин мен Медведев "Байқоңырдың" даму перспективасын талқылады
26 Маусым 2019, 20:58 260

Мамин мен Медведев "Байқоңырдың" даму перспективасын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы келіссөздер жүргізді.

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев телефон арқылы сөйлесті. Əңгімелесу қазақстандық тараптың бастамасымен өтті.

Əңгімелесу барысында ҚР мен РФ Үкіметтерінің басшылары интеграциялық бірлестіктер, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады.

Тараптар "Байқоңыр" кешенін одан әрі дамыту перспективалары және бірлесіп пайдалану туралы пікір алмасты.
Загрузка...

Сізден жаңалық