Бас жаңалықтар
Мамин мен Бурков Ертісте кеме қатынасын дамыту мәселелерін талқылады
01 Қазан 2021, 19:20 316

Мамин мен Бурков Ертісте кеме қатынасын дамыту мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесті. 

Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, АӨК, энергетика, транзиттік-көлік, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы ҚР мен РФ шекара маңы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 

Келіссөз барысында Ертіс трансшекаралық өзенінде кеме қатынасын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.  

Павлодар мен Омбы қалалары арасындағы өзен бойынша жүк тасымалдау көлемін 2025 жылға қарай 4 есеге арттырып, жылына 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздеріне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары Ертіс өзені бойынша өтпелі кеме қатынасын ашуға және келешекте ҚХР-мен мультимодальдық қатынастың ашылуына ықпал ететін болады. 

Қазақстан-РФ Омбы облысының ірі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылғы қаңтар-шілде айларында тауар айналымы $192,3 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 26,6%-ға жоғары.



Фото: дереккөз
Загрузка...