Бас жаңалықтар
Мамин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дереу кірісу керегін жеткізді
02 Қыркүйек 2021, 10:36 295

Мамин Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға дереу кірісу керегін жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Еңбек нарығының тиімді экожүйесін қалыптастыру азаматтарымызды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге және олардың өзін-өзі көрсетуі үшін қажетті жағдайлар жасауға ықпал ететін болады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау одан әрі экономиканы әртараптандыруды, шикізатқа қатысты емес экспорттың өсуін және өнімділіктің жоғарылауын қамтамасыз етеді, - деді ол.

Премьер-министр атағандай, Жолдауды іске асыру аясында шағын және орта бизнеске қажетті мемлекеттік қолдау көрсету және жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасау бойынша кешенді жұмыс жалғасады.

Мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіру - макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл экономиканың сапалы дамуы үшін негізгі шарт болып табылады. Геология саласын кешенді дамыту бойынша қойылған міндеттер елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге, оның орнықты толығуына жағдай жасауға мүмкіндік беріп, инвесторлардың қызығушылығын біршама арттырады. Кешенді цифрландыру және заманауи цифрлық технологиялардың трансферті бойынша жүйелі шаралар экономиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады, - деді Мамин.

Оның айтуынша, мемлекеттік секторды цифрлық қайта жүктеу - мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады.

Мемлекет басшысы өңірлік саясатты жетілдірудің маңыздылығын атап өтті. Еліміздің әрбір өңірінде инфрақұрылымды жаңғыртуға, әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, халықтың тұрмыс сапасы мен табысын арттыру үшін өзекті мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар іске асырылатын болады. Әр мемлекеттік орган, әрбір жергілікті атқарушы орган Мемлекет басшысының тапсырмалары мен бастамаларын орындауға дереу кірісуі қажет. Мемлекет басшысының Жолдауындағы барлық бағытты іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар дайындалатын болады, - деді ол.

Мамин мемлекеттік органдарға Жалпыұлттық жоспар бойынша өз ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне 3 қыркүйекке дейін енгізуді тапсырды.

Ұлттық экономика министрлігі Жалпыұлттық жоспар жобасын 4 қыркүйекке дейін Премьер-министрдің кеңсесіне енгізсін. Келесі отырыста біз оны қарап, Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін мақұлдауымыз қажет, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...