Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

29 Қазан 2020, 18:53
1191
Бөлісу:
Мамин Қырғызстанның сыртқы істер министрін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады, деп хабарлайды Рrimeminister.kz. 

Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады. 

Кездесуге ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Өзгелердің жаңалығы