Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат - жалған

7 Шілде 2020, 10:19
1262
Бөлісу:
Мамин коронавирус жұқтырды деген ақпарат - жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминге коронавирус диагнозы қойылғаны туралы кейбір Telegram-арналарда таралған ақпарат жалған әрі шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Үкімет басшысы кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр және биыл 10 шілдеде Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысына дайындық жүргізуде, - делінген хабарламада. 

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы