Бас жаңалықтар
 Мамин коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
13 Шілде 2020, 11:08 79

Мамин коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясынан қайтыс болған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты.

Осынау күрделі кезеңде Қазақстан коронавирус індетімен күресуде. Өкінішке қарай, қауіпті індеттің салдарынан біздің отандастарымыз да көз жұмуда. Қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына аса қайғыра отырып көңіл айтамын. Мемлекет басшысының шешімі бойынша 13 шілде COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды еске алу үшін Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Қабылданып жатқан шаралар халқымыздың табандылығы мен ерік-жігерін және өз күшіне деген сенімін тағы бір көрсете отырып, бізге індеттің таралуын тоқтатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Асқар Мамин.


Фото: дереккөз
Загрузка...