Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді

28 Сәуір 2020, 11:18
2604
Бөлісу:
Мамин әкімдерге жаңа тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге көтерме тарату орталықтарына жер телімін бөлуді тапсырды.

Азық-түлікті сақтау, сату және таратудың жаңа технологиясы жасалады. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жобасы 2022 жылға дейін үш кезеңде іске асырылады. Жиырма төрттен аса көтерме тарату орталығы салынады. Бұл 4,8 миллион тонна агроөнімді сақтауға, өңдеуге және таратуға мүмкіндік береді, - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, өңірлерде заманауи көтерме тарату орталықтары болса, маусымаралық кезеңде азық-түлік тапшылығы болмайды. Нарықта өнім жеткілікті болса, оның бағасы да өспейді.
Биылдың өзінде Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында, сондай-ақ қосымша Жамбыл облыстарында бірнеше көтерме-тарату орталығы іске қосылады. Жасалып жатқан инфрақұрылым жиналған жеміс, көкөніс өнімдерінің 100 пайыз сақталуына қамтамасыз етуге және шығынды азайтуға мүмкіндік береді.Көтерме-тарату орталықтарын іске қосқанда бірінші кезеңнің өзінде баға белгілеудің ашықтығы және тиімді сауда механизмдерінің арқасында біз аграрлық өнім бағасы 25 пайызға дейін төмендейтінінін болжап отырмыз, - дейді Асқар Мамин.

Ол әкімдіктерге көтерме тарату орталықтарына жер телімін бөліп, қажетті инфрақұрылымды жеткізуді тапсырды.
Осы ретте мынандай нақты мынадай тапсырма беремін: біріншіден әкімдіктер көтерме-тарату орталықтарына жер учаскелерін беріп, оларға қажетті инфрақұрылымды жеткізуді тапсырамын. Сондай-ақ кеңейту және жаңа өндірістерді құруға жеке секторды тарту мүмкіндігін қарастыру қажет. Сауда және интеграция министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, көтерме-тарату орталықтарының бірінші кезеңін іске қосуды қамтамасыз етсін. Үшіншіден Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен өнімді көтерме-сауда орталықтарына жеткізу мәселесін пысықтасын, - деді Үкімет басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін Премьер-министр халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде қолданыстағы жүйенің тиімсіз екенін айтты.


Өзгелердің жаңалығы