Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

13 Сәуір 2021, 09:00
1446
Бөлісу:
Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық мұсылмандар қауымын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Рамазан айы адамдарды ниет тазалығына, жанашырлық пен мейірімділікке, сабырлылық пен өзара түсіністікке, жақындарына қамқорлық жасауға және мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Рамазан мұсылмандардың ғана емес, еліміздегі басқа дін өкілдерінің де басын біріктіріп, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын нығайта түседі. Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, татулық және игілік тілеймін. Жаратушы жамағатының барлық дұғаларын қабыл етіп, игі істерінің сауабын жазсын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы