Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алуды тапсырды

11 Тамыз 2020, 09:21
2691
Бөлісу:
Мамин карантин шараларын кезең-кезеңімен алуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып келе жатқанын баяндады.

Жиын барысында ол, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралу деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштердің төмендегені тіркелгенін жеткізді. 
Соның ішінде вирусты репрадуктивтің деңгейі орташа 0,82%-ға дейін төмендеді, емделіп шыққандардың үлесі 3,6% құрап отыр, қалғандары қажетті ем алып жатыр. Бұл ретте ауруханалардың жүктемесі 60%-ға және жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді, - деді Үкімет басшысы. 

Сонымен қатар, ол қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырды.
Өзгелердің жаңалығы