Мамин IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

14 Шілде 2019, 17:16
1464
Бөлісу:
Мамин IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысы өтті. Премьер-министр триатлон бойынша Pro санатында ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздарды марапаттады.

Бұл ақпарат премьер-министр баспасөз қызметінің Instagram парақшасында жарияланған.

"ҚР премьер-министрі Асқар Мамин триатлон бойынша Pro санатында ерлер мен әйелдер арасындағы IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады", - делінген жазбада.⠀

ТМД және Орталық Азия аумағында екінші рет өткізіліп отырған жарысқа әлемнің 50 елінен 1400-ден аса триатлет қатысты, оның ішінде кәсіби спортшылар да бар.

Өзгелердің жаңалығы