Бас жаңалықтар
Мамин Германияның бизнес өкілдерімен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады
13 Қыркүйек 2021, 15:24 59

Мамин Германияның бизнес өкілдерімен бірлескен жобаларды іске асыру мәселесін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министрі Асқар Мамин Svevind Energy GmbH, Linde AG, Redpath Deilmann Gmbh, Siemens Energy, Goldbeck Solar GmbH, Saria SE & Co. KG, Becker Mining Systems неміс компанияларының, сондай-ақ Германия экономикасының шығыс комитеті басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.

Тараптар жаңартылатын энергетика, газ өңдеу, АӨК, машина жасау, тау-кен металлургия өнеркәсібі және т. б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Үкімет басшысы Германия Қазақстанның ірі сауда серіктестері мен негізгі инвесторларының бірі екенін атап өтті. 2005 жылдан бастап ГФР-дің ел экономикасына салған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $5,1 млрд-ты құрады. 

2021 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72%-ға өсіп, $64,6 млн-нан асты. 2021 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының көлемі 26%-ға өсіп, $1,2 млрд-қа дейін жетті. Неміс капиталының қатысуымен 950-ден астам кәсіпорын Қазақстанда энергетика, АӨК, машина жасау, құрылыс және логистика секторларында жұмыс істейді. 

Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Қазақстанның ГФР-дағы елшісі Дәурен Кәріпов және т. б. қатысты.



Фото: дереккөз
Загрузка...