Мамин Бороновпен телефон арқылы сөйлесті

17 Маусым 2020, 22:47
1017
Бөлісу:
Мамин Бороновпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының Премьер-министрі Кубатбек Бороновпен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Үкіметінің басшысы К. Бороновты Премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған Қырғыз Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жолында табыс тіледі.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, су-энергетикалық және басқа да салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
Өзгелердің жаңалығы