Мамин әкімдіктер мен министрліктерге бірқатар тапсырма берді
23 Қараша 2021, 09:59 212

Мамин әкімдіктер мен министрліктерге бірқатар тапсырма берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Жергілікті қамтуды дамыту – әкімдердің негізгі міндеттерінің бірі екенін тағы да атап өткім келеді, олардың жұмысы осы міндет бойынша бағаланады.Осыған байланысты мыналарға назар аударғым келеді.Әкімдіктер Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, оның қызметіне жергілікті бизнесті барынша тартуы керек, - деді Мамин.
Ол атағандай, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бұл да отандық өндірушілерді дамыту мен қолдау үшін әлеуеті зор ірі алаң.
Сондықтан Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктеріне, «Самұрық-Қазына» қорына жер қойнауын пайдаланушылармен ерікті келісімдер жасасуды қамтамасыз етуді тапсырамын.Индустрия министрлігіне Энергетика министрлігімен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардың отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттар жасасуының барлық қажетті мәселелерін пысықтауды тапсырамын, - деді Мамин.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...