Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

8 Тамыз 2019, 17:30
1647
Бөлісу:
Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы