Мамандардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасауымыз керек – министр

20 Қазан 2021, 10:51
2104
Бөлісу:
Мамандардың кәсіби және жеке дамуына жағдай жасауымыз керек  – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев экономика саласы дамуының негізгі аспектілеріне тоқталып кетті. 

Оның сөзінше, адами ресурстардың дамуы мен адами капиталға үлес мемлекет үшін де, бизнес үшін де маңызды  болып қала береді. 

Бүгінгі таңда адами капитал - адамзаттың негізгі жетістіктерінің орталық ресурстық парадигмасы. Біздің салада ең жақсы негізгі құзыреттіліктерден басқа, геологтар, кеншілер мен металлургтер жұмыстың тиімділігі мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті қалыпастыру қажет, - деді ол.
Сәрсембаевтың айтуынша, ол үшін олардың кәсіби және жеке дамуына инвестиция салуды жалғастыруымыз керек.

Сонымен қатар вице-министр кәсіби біліктілікті арттыруға және корпоративтік мәселелерді шешуге қатысуға ықпал ететін жағдай жасау керектігін атап өтті.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ел экономикасының қазіргі жағдайының қиын екенін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы