Бас жаңалықтар
Мамандар коронавирустың аудандарға тарау себебін айтты
26 Мамыр 2020, 22:48 611

Мамандар коронавирустың аудандарға тарау себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамандардың айтуынша, коронавирус инфекциясы адамға ауа арқылы да жұғады.

Бұл туралы онлайн брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев айтты деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта инфекция облыстың бірқатар аудандарында және ауылдық елдімекендерде тіркеліп отыр. 
Себебі, ауру ауа арқылы да тарайды. Бұл ауруды кез келген адам жұқтыруы мүмкін. Сондықтан, жұмысқа қайта кіріскен кәсіпорындар санитарлық талаптарды қатаң сақтап, әр адам өз денсаулығын өзі қорғауы керек, – деп атап өтті спикер Амантай Жұмағалиев Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...