Өскемендегі мамандандырылған ХҚО-ға жаңа ғимарат берілді

23 Қазан 2019, 17:03
3226
Бөлісу:
Өскемендегі мамандандырылған ХҚО-ға жаңа ғимарат берілді
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. 4 қарашадан бастап Өскемендегі мамандандырылған ХҚО секторы жаңа, кең  ғимаратқа көшеді. Бұрын Сәтбаев көшесі 34/2 мекенжайы бойынша  автоқызметтер көрсеткен бөлім енді Гавань шағын ауданындағы арнайы ғимаратқа ауыстырылады.

Онда 15 қызмет көрсету терезесі, жүргізуші куәлігін ауыстыруға арналған 3 терезе, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету секторына арналған 12 үстел болады, онда азаматтар мемлекеттік қызметтерді өздігінен ала алады. Қызмет алушыларға ыңғайлы болу үшін 50-ден астам көлікке арналған тұрақ қарастырылған.

"Бұрын Сәтбаев көшесіндегі фронт-офисте мемлекеттік қызметтермен қатар автоқызметтер де көрсетілетін. Сондықтан әлеуметтік салаға не құжаттандыруға қатысты қызмет алуға келетін тұрғындармен көлік иелері қосарласып, бір-біріне ыңғайсыздық тудыратын. Бөлім қызметі бойынша өскемендіктердің ұсыныс-тілектері көп болды, қызмет алушылардың санын ескеріп, біз жаңа, ыңғайлы ғимаратты жалға алып, көлікті тіркеу мен жүргізуші куәлігін алуға қатысты қызметтерді арнайы ғимараттан алуға болатындай еттік. Онда қызмет көрсетуші операторлардың да, көлік жүргізушілерінің қызметті өздігінен ала алатын үстелдердің де саны әлдеқайда көп", – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембұлов.

Естеріңізге сала кетейік, автоқызметтер көрсетілген Сәтбаев көшесі 34/2 және Қазақстан көшесі 159/4 бойынша орналасқан ХҚО-лар әдеттегі кестеге сәйкес, жалпы мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жалғастырады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі аралығында түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Өскемендегі фронт-офистердің мекенжайлары:

ХҚО №1 бөлім  - Сатпаев көшесі, 34/2;

ХҚО №2 бөлім  - Қазақстан көшесі, 99/1;

ХҚО №3 бөлім  - Белинский көшесі, 37а;

ХҚО №4 бөлім  - Қазақстан көшесі, 159/4;

Мамандандырылған ХҚО секторы – Абай көшесі, 203/3. 

Өзгелердің жаңалығы