Бас жаңалықтар
Маман жаңа туған бұзауды қалай аман сақтап қалу керегін айтты
24 Қыркүйек 2021, 13:18 198

Маман жаңа туған бұзауды қалай аман сақтап қалу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Дайындық» ЖШС директоры Біржан Шаймерденов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен көшпелі брифингте айтты.

Қазір мал шаруашылығын қолға алдық. Осыдан 3-4 жыл бұрын 1200 басқа үлкен кешен салдық. Одан кейін 30 бас сиыр алып бердік. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Біз өзімізге үш мақсат қойдық. Оның алғашқысы – сауу жұмысы, екінші – бұзауды сақтап қалу, үшіншісі – ұрықтандыру, - деді ол.

Шаймерденов айтқандай, сүт алу үшін жақсы қоектендру керек.

Қазір күнбағыстан бастап арпаға дейін беріп жатырмыз. Қандай қиындық болса да, біздің екі жылдық асымыз дайын. Тағы бір мақсатымыз - сиырды тудыртып алу. Бұзауды сақтап қалу бойынша жұмыстар да белсенді жүргізіліп жатыр. Бұзау өзі туған сиырды 3-4 күн емуі керек. Одан кейін ақырындап сүтке ауыстырылады. 10 күн өткен соң ол бұзау 10 бұзау тұратын топқа бөлінеді. Олар 2 ай бойы сүт ішеді. Бұзаудың анасы үш рет сауылатын малдың қатарына қосылады, - деді Шаймерденов.

Оның айтуынша, кешенде 4-ке бөлінген топтардан сұрады.

Олар сүтті мол және аз беруіне қатысты топқа бөлінеді. Бұзаулар да уақыт өте келе осындай топтарға бөлініп отырады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...