Маман глютеннің қауіптілігі туралы мифті жоққа шығарды
16 Қазан 2021, 18:24 5225

Маман глютеннің қауіптілігі туралы мифті жоққа шығарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік нутрициолог, биологиялық ғылымдар кандидаты Александр Мирошников адамдарға құрамында глютен бар өнімдерден бас тартпауға кеңес берді. 

Ол «Москва 24» порталына берген сұхбатында глютеннің қауіптілігі жөнінде мифтерді жоққа шығарды.

Глютен - бұл тұтқырлық қасиетке ие ақуыз. Ол көбінесе дәнді дақылдардың құрамында болады. Атап айтқанда бидай, қарабидай, басқа да дәнді дақылдылар. Сонымен қатар ол дәнді дақылдылардан дайындалатын өнімдерде - макарон, нан және тағы басқаларда кездеседі, - деді нутрициолог.
Маманның айтуынша, адамдар крахмал, ботқа, наннан бас тартып, тағамның калориялығын азайтып, арықтай бастайды. Сол себепті олар глютені жоқ өнімдерді таңдайды. Дегенмен кейбір азық-түлік өндірушісі онда крахмалмен қоса, майды да көп мөлшерде қосады.

Бұл ретте Мирошников кетчуптер мен консервілердің консистенциясын жақсарту үшін оларға глютенді жиі қосатынын атап өтті. Сондай-ақ кей өнімде бұл ақуыз түрі крахмалды алмастырғыш ретінде қолданылуы ықтимал. 

Дәрігер глютен обыр ауруын туындатады деген мифті жоққа шығарды. Оның сөзінше, бұл мифті дәлелдейтін ешқандай зерттеу жүргізілмеген.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...