Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

13 Сәуір 2021, 12:45
1369
Бөлісу:
Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 12 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды.

2021 жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Сауд Арабиясы, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Армения, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.

3682 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3661 адам, анықтамасыз 21 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1623 жолаушы, анықтамамен - 1610, анықтамасыз - 13;

 Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 848 жолаушы, анықтамамен - 843, анықтамасыз - 5;

 Қостанай қаласының әуежайына – 5 рейс, 21 жолаушы анықтамамен келген;

 Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 569 жолаушы анықтамамен келген;

 Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 326 жолаушы анықтамамен келген;

Жезқазған қаласының әуежайына – 2 рейс, 10 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 128 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 157 жолаушы, анықтамамен - 154, анықтамасыз - 3.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


2021 жылдың 11 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет бойынша анықтамасыз келген 10 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Мале – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.


Өзгелердің жаңалығы