Малайзиялық туристік операторлар Түркістанға келді

2 Мамыр 2019, 15:24
1881
Бөлісу:
Малайзиялық туристік операторлар Түркістанға келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы тарапынан өңірдің ішкі және сыртқы туризмін дамыту бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Басқарма «Sky Way» қазақстандық туроператорының қолдауымен Малайзияның 12 жетекші туристік операторларына арналған ақпараттық тур өткізді. Түркістан өңірінің туризмін дамытуға арналған шара аясында облыстың басты көрнекті нысандарына «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылар ақпараттық турдың өзара ынтымақтастықты кеңейтуге және Малайзиядан Қазақстан Республикасына туристерді тартуға қосымша серпін беретініне сенімді екендігін жеткізді.

"Осы жылдың 27 ақпанында Куала-Лумпур қаласында «Қазақстан Республикасындағы жаңа бизнес мүмкіндіктері» форумы өткен еді. Сол форумда Түркістан облысының  туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (MATTA) Малайзиялық туристік агенттіктер қауымдастығының Бас хатшысы Н.Вонгпен келісімге келген болатын. Міне сол келісімге сәйкес, Малайзияның жетекші туристік компаниялары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Қазақстанда, оның ішінде Түркістан облысында да ақпараттық тур ұйымдастырылып отыр. Осы тур арқылы өңірге Малайзиядан келетін саяхатшылар саны артады деген сенім бар", - делінген таратылған ақпаратта.







Өзгелердің жаңалығы