Малайзияда бір тәулікте 15 мың адамнан дельта штамы анықталды

23 Қыркүйек 2021, 14:29
7384
Бөлісу:
Малайзияда бір тәулікте 15 мың адамнан дельта штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Малайзияда соңғы тәулікте COVID-19 инфекциясының жаңа түрін жұқтырғандар 15 мың адамға жетті. Бұл туралы Малайзияның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ел аумағында бір тәулікте 14985 адам инфекция жұқтырған. Қалған жағдайлар сырт елдерден келгендерден тараған. Осылайша, корольдікте SARS-CoV-2 жұқтыру деректерінің расталған саны 2 142 924 адамға жетті. Соңғы тәулікте індеттен 487 науқас қайтыс болды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері Малайзияда 24565 адам аурудың асқынуынан қаза болған.

Айта кетейік, қазіргі таңда патшалықта 201274 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның ішінде 1114 пациент реанимацияда, ал 615 адам өкпені жасанды тыныстату қондырғылары арқылы жатыр.

Апеннин түбегінің билігі туристерге шектеу қойды. Енді Италияның тау шаңғысы курорттарына COVID-сертификаттары, ПТР тестілері және аурудан сауыққандығы туралы анықтамасыз кіруге рұқсат етілмейді. Осы маусымда шаңғымен сырғанау үшін тұрғындарда «антикоронавирустық сертификат» болуы шарт. Тек ЕО-да сертификатталған вакциналар ғана ескерілетін болады.

Ресми мәліметтер бойынша, COVID-19 тасымалдаушыларының жалпы саны 4 645 853 құрайды. Бұл ел халқының 7,5% - дан астамы. Бірінші және екінші дозаны 41 428 259 адам салдырған. Ол Италия халқының 68,78% құрайды.

Өзгелердің жаңалығы